Алапат су тасқыны

Тасқын, әсіресе, Саравак штатына көп зардап келтірді. Табиғи апаты жергілікті халықтың баспанасын ғана емес, сонымен қатар аурухана және мектеп ғимараттарын да қиратқан. Әрі жойқын дауылдың салдарынан бүтін бір штатты су шайып кетті. Әзірге қаза тапқандар жайлы мәлімет жоқ. Дегенмен жергілікті басылымдар жоғалғандардың көбі біржолата суға батып кетуі мүмкін деген болжамдар келтіруде. Қазіргі кезде құтқарылғандар тікұшақпен құрлықтың қауіпсіз аймақтарына қарай жеткізілуде.     

Loading...