Асқар Нұрқанов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлім бастығы:
-Мысалы АлматыОңтүстік өңір таулы жерде. Тасқын су қай жерден шығады,ол қай жаққа барып қай жаққа кететінін анық жорамалдауға болады. Ал жазықтағы тасқынды, яғни судың қай жақтан шығарын білу қиындау. Шыны керек.
Ал күн жылынған сайын қауіп төнген ауылдардың саны ұлғаюда. Ең қиын жағдай Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік, Шығыс Қазақстан облысының 17 ауданында қалыптасып отыр. Бұл өңірлерде мыңнан астам үйді топан су басып, мал қырылып, адамдар шиеттей бала-шағасымен мектеп пен қонақүйлерді жағалап кеткен. Қазір құтқарушылар Нұра өзеніндегі мұздарды жарып, құмнан қамал жасап жатыр. Топан су жайпап жатқан Қарағанды облысына бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінгенін айта кетейік. Ал кеше арнайы мәлімдеме жасаған президент тасқынмен күресіп жатқан құтқарушыларға алғыс білдіріп, айтып келмейтін апатты жеке бақылауына алғанын айтқан болатын.
Loading...