Алаш жұрты С.Нұрмағамбетовты ақтық сапарға шығарып салды

Абай атындағы опера және балет театрында өткен қоштасу рәсіміне келген жұрттың қарасы қалың. Жақындары, қызметтес әріптестері мен Мәжіліс төрағасы бастаған шенді-шекпенділер жиналыпты. Ұлы Отан соғысына 19 жасында аттанып, Рейхстагты алуға дейін атсалысқан батыр сейсенбі күні 90-ға қараған шағында дүниеден озған болатын. Сағадат Нұрмағамбетов майданнан кейін де әскери салада түрлі лауазымды қызметтер атқарып, 1991-ші жылы тәуелсіз қазақ қарулы күштері құрылғанда басы-қасында жүрді.


Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

-  Ағамыз зердесіне ақыл-парасат ұялаған, жүрегіне батылдық пен дархандықты дарытқан, жаны атының садақасы болған нағыз ер азамат болатын