"Alatau" АЭА аумағы ұлғайтылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өзгерістерге сәйкес, "Alatau" арнайы экономикалық аймағының аумағы Қонаев және Алатау қалаларын, сондай-ақ, Алматы облысының Талғар және Іле аудандарын қамтитыны бекітілді. Шекаралары қоса берілген жоспарға сәйкес айқындалған.

АЭА – порттық арнайы экономикалық аймақ мәртебесіне ие.

Аймақтың жалпы аумағы 97 930,98 гектардан 98 982,98 гектарға дейін ұлғайды. Ол өңірдің көлік-логистика мүмкіндіктерін дамытуға арналған аумақты, оның ішінде әуежай қызметіне арналған инфрақұрылымды қамтиды және Қазақстан аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, өзгерістерге байланысты АЭА-ның шекара жоспары жаңартылған (төмендегі сызбада көрсетілген).

2047 жылға дейін "Alatau" арнайы экономикалық аймағының мақсатты көрсеткіштері мынадай болып белгіленді:

Қаулы 2025 жылғы 20 қарашадан бастап күшіне енді.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа "Атырау" арнайы экономикалық аймағы құрылғаны хабарланған.