Оның айтуынша, кезекші пультіне 23 тамызда 19:18-де "Бутаковка" шатқалында бір топ туристің адасып кеткендігі жайлы хабарлама түскен.
Сегіз адамнан тұратын топ Талғар ауданындағы тау бөктерлерінде жолдан адасып кеткен. Олардың екеуі қаланы тауып келсе, қалған алтауын жолды тауып келе алмаған.
Таулы аймақтың жүруге қолайсыздығын ескере отырып, «Алматау» тау шаңғысы базасы мен «Қотырбұлақ» ауылынан екі құтқару бригадасы, атап айтқанда, 28 адам мен 10 арнайы техника, 1 тікұшақ жұмылдырылды.
Баспасөз хатшысының айтуынша, құтқару жұмыстары туристердің бір орында отырмай6 жылжи беруіне байланысты күрделене түсті.
24 тамызда құтқарушылар "Талғар" шатқалынан үш туристі тапты. Олардың бірі аяғынан жараланған екен. Бозбалаға жедел медициналық көмек көрсетілді. Тағы үш адам "Бутаковка" аймағынан табылды.
"Жігіттер 22 тамызда тау бөктерін аралап келуді ұйғарған. Күн райының аяқ астынан суытуына байланысты олар тауда қонып қалуға мəжбүр болған. Олардың екеуі таң атысымен өздігінше жол табуға тырысып, қалаға аман есен жеткен", - деді Г.Нөкербекова.
Аяғы жараланған турист құтқару қызметінің əуе бөлімшесінің МИ-8 МТВ тікұшағымен қалаға жеткізілді.