Алатау деп аталатын Алматының жаңа әкімшілік ауданының әкімі тағайындалды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алатау деп аталатын қаланың жаңа әкімшілік ауданының құрылуына шешім қабылданғаннан кейін аудан әкімі болып Бағдат Сайланбайұлы Манзоров тағайындалды.

Сессияның күн тәртібінде Алматы қаласының жаңа әкімшілік ауданының құрылуы мен аудандар шекарасының өзгеруіне, бірқатар ықшамаудандар мен көшелер атауларының басқалай аталуына, қаланың тұрғындық кешеніне қатысты мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, 2008 жылға арналған қала бюджеті, "2005 - 2015 жылдар кезеңіндегі қаланың энергетикалық кешенінің дамуы мен модернизация" бағдарламасы, Алматы қаласы әкімшілігі жанындағы Іскерлік кеңесі, жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша Алматы аймақтық комиссиясының жеке құрамы мен Алматы қаласын сумен қамтамасыз ету және канализация жүйесін пайдалану ережесі бекітілді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған қоса, №22 сайлау округінің депутаты Серік Құсайыновтың мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты депутаттық міндетінен босатылды.

Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер терең талқыланғаннан кейін мәслихат депутаттарының ашық дауысқа салуы нәтижесінде көпшілік дауыспен бірауыздан қабылданып бекітілді.

"Жаңа ауданның құрылуы оның территориясында тұратын халықтың көптеген мәселелерін шешуге ықпал етеді", - деп атап өтті Алматы әкімі Ахметжан Есімов.