Алатау қаласында 24 көшенің атауы жоқ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әркен Өтеновтың айтуынша, ономастика саласы бойынша Алатау қаласы әкімшілік-аумақтық құрамында 12 шағын аудан орналасқан. Көшелердің жалпы саны – 366.

– Қазір қала аумағындағы жаңа құрылыс алаңдарында атауы жоқ 24 көше бар. Атап айтар болсам, Жаңаталап ықшам ауданында – 8 көше, Ынтымақ ықшам ауданында – 15 көше және Жаңадәуірде – 1 көше, – деді қала әкімі.

Бұдан бөлек, атауы идеологиялық тұрғыда ескірген және мән-мағынасы жоқ көшелер бар.

– Ескірген 26 көшенің атауын өзгерту туралы сұраныс хаты облыстық ономастика бөліміне жолданды. Жоспарға сәйкес, көше атауларын өзгерту осы жылдан бастап қарастырылатын болады,– деді ол.