«Алау» - ТМД-дағы үздік инфрақұрылым, «Медеу» - үздік ашық мұз айдыны!



деп хабарлады Мұз айдынының баспасөз қызметі.

Конгрес жұмысына ТМД елдеріндегі қысқы спорт ойын түрлерінің федерациялары, шаңғы кешендері, шаңғы-биатлон стадиондары, трамплин, мұз айдын кешендері басшылары, сондай-ақ, танымал спорттық құрал-жабдықтар маркаларының өкілдері қатысқан болатын.

Басқосу барысында қысқы спорт ойындарының жетістіктерімен қатар ірі мұз айдындарын тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды. Еліміздегі «Медеу» айдыны «Ең үздік ашық мұз айдыны» ретінде танылса, Астанадағы «Алау» мұзайдын сарайы «Үздік инфрақұрылым» аталды.