Алаяқтар банк карталарынан ақша ұрлаудың жаңа әдісін тапты

Басылымның хабарлауынша, алаяқтар Интернетке жарияланым берген адамға өтірік клиен болып келіп, олардың картасының CVV-кодын біліп алады.

«Алаяқтар өз мақсатын жасыруға өте шебер келеді. Мәселен, CVV кодын бейтарап «есеп-шот нөмірімен» атауы мүмкін», - дейді Zecurion компаниясының басшысы Владимир Ульянов.

Алдын ала мәліметтер бойынша Ресейде осы әдіспен жалпы 200 млн рубль көлемінде ақша ұрланған. Өткен жылы алаяқтар ресейліктердің банк карталарынан жалпы 650 миллион рубль тонап кеткен болатын.