Алаяқтық жасады және ақша бопсалады деп айыпталған полицей сотталды - Орал


Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жанындағы айдауыл қызметі арнайы взводында істеген полицей қызметін асыра пайдаланды, алаяқтық жасады және ақша бопсалады деп танылды.
Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, куәлердің сот отырыстарына келуін қамтамасыз ететін полиция қызметкері тергеушінің қарулы шабуыл жасаған күдіктіге қатысты істі жапқысы келетінін естиді. Содан соң күдіктіден басшылардан істі жабуға рұқсат алып беру үшін 900 мың теңге талап еткен.
Күдікті полицейге сұраған ақшасы мен 300 мың теңге тұратын сағатын береді. Ал, сержант оған өзінің қызметтік куәлігін сыйға тартқан. Күдікті куәлікті пайдалану кезінде қолға түсті.