Альберто Контадор «Джиро дИталия» көпкүндігінің жалпы есебінде бірінші келеді

Мәре сызығын екінші болып «Катюша» командасының капитаны Хоаким Родригес кессе, көмбеге үшінші болып Farnese Vini мүшесі итальяндық Джованни Висконти келді.

Жалпы есепте еш өзгеріс болған жоқ. Кезең қорытындысы бойынша, Saxo Bank велошабандозы испандық Альберто Контадор көшбасшының қызғылт жейдесін сақтап қалды.