Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ербол Мәндібектің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Айтпады демеңіздер. Бізді үлкен қымбатшылық күтіп тұр.
1. Ет және ет өнімдерін импорттауға мәжбүрміз. Ресей мен Белоруссияға деген тәуелділік 25-30 мың тонна. Негізінен сапасыз сиыр еті тасымалданады.
2. Былтыр елімізде еттің бағасы 16%-ға қымбаттаған. Бұл-өтірігі көптеу ресми мәлімет. Шын мәнінде былтыр еттің құны 30-35% қымбаттады.
3. Биыл ет және ет өнімдерінің бағасы қаншаға қымбаттайды? Менің ойымша, халықтың қалтасы көтере алмайтын деңгейге дейін көтеріледі. Бұған бірнеше себеп бар.
Біріншіден: Ресей бізге қарай ет экспортын шектейді. Өйткені, өз халқын асырау, ішкі нарық сұраныс орындауы күннен күнге қиындап барады.
Екіншіден: Қазақстанға алыстағы Еуропа мен Америкадан ет экспорттау алтын сатып алғанмен бірдей. Мәселен, біздегі ангус пен герофордтың мараморный етін тек байлар мен әкімқаралар ғана жейді.
4. Қазақстан 2016 жылы ет өндірісін дамытуға миллиардтап ақша бөліп, жылына 60 мың тонна ет экспорттаймыз деп оттады. Сол оттағандары оттаған күйі қалды.
5. Өзбекстан ет нарығындағы үлкен бәсекелеске айналды. Бізді тоқыратты, сосын жеңді.
6. Қуаңшылық. Бұған табиғат емес, топас Үкімет кінәлі. Судың басындағы Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және үлкен трансшекаралық өзендерге иелік етуші Қытаймен мәймөңкелеп келісе алмадық.
7. Ескі де жаңа Үкімет қымбатшылыққа ие бола алмады. Қазірден қауқарсыздығын көрсетіп жатыр", деп жазды.