Алдағы айдан бастап бензин бағасы 7-8 теңгеге көтеріледі

Қазан айынан бастап Омбы мен Уфадағы ірі зауыттар жөндеуге жабылмақшы. Бұған дейін еліміздің ішкі сұранысын өтеу үшін 900 мың тонна жоғары октанды мұнай өнімдері Ресейден тасымалданып келген. Енді оған бірнеше айға уақытша шектеу қойылады. Ал «қара алтынның» үстінде отырып арзан бензинге жарымаған жүргізушілер қымбатшылықты алдағы аптадан бастап сезіне бастамақ. Баға шамамен 7-8 теңгеге көтеріледі деп күтілуде.


Ұзақбай Қарабалин, ҚР Мұнай және газ министрі:

- Біздің елдегі нарықтағы бензин бағасы кішкене өсуі мүмкін. Ол деген жеткізбейтіндей өсіп кету деген жоқ. 5-7 пайыздан әрі аспайтын болар деген болжамымыз бар өзімізде.