Алдағы аптада еліміздің бірнеше өңірінде күн күрт суытып, аяз болады

Қыстың ызғары алдымен климаты жұмсақ оңтүстік аймақтарды бірінші  әбігерге салмақ. Әсіресе Алматы мен Жамбыл облыстарының халқына жылы киімдерін сайлап отыруына тура келеді. Сондай-ақ сарышұнақ аяз солтүстік пен шығысты, Батысты  және Орталықты қыспаққа алады. Тіпті Өскемен, Семей, Қостанай, Қарағанды және Павлодарда сынап бағанасы -40 градусқа дейін жетпекші. Десе де, нағыз қаһарлы қыс жетоқсанның орта тұсында басталады. Соның салдарынан түрлі жұқпалы аурулар жаппай дендеуі мүмкін деп болжайды синоптиктер.


Баян Сазанова, «Қазгидромед» РМК гидрометорталығы директоры:

-Қыс суық, аязды. Өйткені осы уақытта антициклонның ықпалында боламыз. Солтүстік аймақтарда 35 градусқа дейін төмендесе, оңтүстікте 20-ға түседі.