Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Казгидрометке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанның басым бөлігінің ауа-райын Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады, жаңбыр, найзағай, оңтүстік өңірлерде бұршақ сақталады. 20 мамырда батыста, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжануда. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, республиканың оңтүстігінде-дауыл болжанады.