Caravan Logo

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Алдағы демалыс күндері еліміздің кей өңірінде аяз күтіледі, деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы.

Метеорологтар мәліметі бойынша, фронталь бөлімдер әсерінен таяудағы үш тәулікте солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында нөсер жауын болады деп болжанған. Республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп болжанған.

"Республиканың басым бөлігінде күндіз термометр 10-20 градусқа дейін жылыса, түнде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде 1-3 градус аяз күтіледі", - делінген хабарламада.