Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазгидромет мәліметінше, еліміздің батысында антициклон әсері сақталады. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың қалған бөлігінен атмосфералық фронттар өтіп, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанған.

"Еліміздің батысында ауа температурасында өзгерістер күтілмейді, республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 градус аяздан 10-23 градус аязға дейін жоғарылайды, шығыста түнде 12-22 градус аяздан 23-38 градус аязға дейін төмендейді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 градус аязға дейін аздаған төмендейді", - делінген Қазгидромет жариялаған хабарламада.