Синоптиктер 2016 жылдың 10-12 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Екатеринбург маңында орналасқан циклон солтүстік-шығыс бағытта қозғалатын болады. Циклонмен байланысты суық атмосфералық фронт, алдағы күндері жаңбыр, республикамыздың басым бөлігінде желдің күшеюін шақыратын болады", - деп хабарлады мамандар.
Синоптиктердің мәліметінше, тек батыста 12 қыркүйекте антициклон әсерінен жауын-шашынның тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі.
Айта кетейік, осыған дейін қыркүйекте ауа райы қандай болатыны айтылған болатын. Алдын ала болжам бойынша, күздің бірінші айында Батыс Қазақстан облысында, Атырауда, Маңғыстауда, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы қалыпты болады. Қалған аумақтарда ауа температурасы нормадан асады деп күтіледі. Еліміздің солтүстік-батыс аймақтарында және оңтүстік-шығыс аймақтарынла жаңбыр қалыпты және климаттық нормадан аса жауады деп болжанып отыр. Қазақстанның қалған аумақтарында ауа температурасы нормадан төмен болады деген болжам бар.