Алдағы дүйсенбіде Жоғарғы сот Челахтың шағымын қарайды


Жоғарғы соттың қылмыстық істер коллегиясы Челахтың жасаған қылмысына қатысты ұзаққа созылатын жаңа парақты ашуы мүмкін. Адвокат Сәрсенов бұған дейін өткізілген сот процесімен, апелляциялық сот отырысының шешімдері заңға қайшы деп арызданған. Осы тұста іс қайта тергеуге жіберіле ме жоқпа оның жауабы алдағы дүйсенбіде белгілі болмақ. Естеріңізге салсақ, Владислав Челах әскери соттың шешімімен өмір бойына абақтыға қамалған болатын. Оған қоса миллиондаған моральдық және материалдық шығынды өтеу де 20 жасар жігіттің мойнына ілінген.