Алдағы күндерде еліміздің барлық аумағында суық антициклон сақталады

Тек батыс және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттың өтуіне байланысты тұман түсіп, қар жаууы мүмкін. Астана қаласында әдеттегідей 24-26 градус аяз. Ал апта ортасында Алматы қаласында 0-2 градус шамасында суық болады.

- Орталық аумақтарда түнгі ауа температурасы 25-27, кей өңірлерде 12-14 градусты құрайды. Күндіз 10-15 градусты құрап отыр, дейді РМК «Қазгидромет» инженер-синоптигі Айдана Абықан.