Алдағы күндері Алматы облысында нөсер жаңбыр болады


Синоптиктердің сәрсенбідегі болжамына сүйенсек, «алдағы тәулікте нөсер жауын салдарынан Алматы облысының тау бөктеріндегі өзендер тасып, кей тұстарында сел жүруі мүмкін».
Апта басталғалы бері Алматы мен Алматы облысы аумағында күн қатты ысып, ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп тұрғаны белгілі.