Алдағы күндері Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су тасуы мүмкін

Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су тасып, тау беткейлерінен қатты су ағуы мүмкін. Бұл туралы бүгін «Алматы қаласының құтқару қызметі» коммуналдық кәсіпорнынан хабарлады.

Бұл жерде, аталмыш кәсіпорын жұртшылықты «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының дауыл болатындығы туралы ескертпесіне көңіл аударуға шақырады.

Онда 1 қазан күні республиканың кейбір облыстарымен қатар, Алматы облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсу мүмкін екендігі ескертілген болатын.