Алдағы күндері ауа райы бұзылады - Қазгидромет


"Республиканың солтүстік аймақтарында қардың және боранның пайда болуына әкелген циклон, Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ауысты. Оның орнына Қазақстан аумағында өз қозғалысын бастаған, жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауына және температураның төмендеуіне әкеп соқтырған антициклон алмасты

Өз кезегінде, Қара теңіздің үстінде солтүстік-шығыс бағытта қозғалатын тағы бір циклон пайда болды. Кезеңнің соңында бұл циклон батыста, содан кейін республиканың орталығында және солтүстігінде жаңбыр мен ылғалды қар түрінде болып, күшті жел мен жауын-шашын туғызады. Қазақстан арқылы солтүстік-шығыс бағытында жылжи отырып, циклон жауын-шашыннан басқа, Иран аудандарынан жылы ауа әкеледі, бұл температураның кезекті көтерілуіне себеп болады", - делінген хабарламада.