Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Мамандардың болжамына қарағанда, Қазақстанның көптеген облысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде әлі де өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Бірақ ауа температурасы осы ретте климаттық нормадан 3-5ºС жоғары, өйткені орныққан оңтүстік батыс тропосфералық ағындармен бірге Қазақстанға  Иран  аудандарынан өте жылы ауа келіп жатыр. 

"Сондықтан қазірдің өзінде кей жерлерде болып жатқан +30... 38°C ауа температурасы, алдағы үш тәулікте, Еуропалық Ресейдің орталық бөлігінен ылғалды және салқын ауа келе бастаған батыс аумақтардан басқа, барлық жерде болады деп күтіледі", - дейді синоптиктер.