Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазгидромет-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандағы ауа райы Солтүстік Атлантикалық циклондарға байланысты өзгереді. Жылы және суық ауа массалары ауысады.

"Сол себепті ауа температурасы мен атмосфера қысымында ауытқу болады. Кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді", - деді метеорологтар.


Айта кетейік, бұған дейін 5 наурызда Алматыда жаңбыр мен қар түсіп, сондай-ақ, көктайғақ болады деп хабарланған еді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақ болу ескертілді.