Caravan Logo

Алдағы күндері елімізде қар аралас жаңбыр жауады

Алдағы күндері елімізде қар аралас жаңбыр жауады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жауын-шашынсыз күндерден кейін бастапқыда солтүстік, мұнан кейін орталық және шығыс облыстарда кей жерлерде тағы жаңбыр жауып, солтүстікте 8 қыркүйек күні түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар түнде және таңертең тұман тұтып, көру мүмкіншілігі 500 метрді құрайды.

Еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында әзірге жауын-шашын түспейді. Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы орташа көп жылдық мәнге жақын болады. Ал солтүстік және орталықта ауа температурасы бұл мәннен төмен болады деп болжануда.