Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылынады

Алдағы уақытта елімізде күн күрт жылынады. Тек батыс өңірлерде ғана салқын ауа-райы сақталады. Таулы аймақтарда да күн суытуы мүмкін. Ал күн жылыған өңірлерде көктайғақ болып, кей жерлерде жел күшейеді, деп хабарлады 24.кз.

" Ауа температурасы 3-6 градус жоғары болады. Жел оңтүстіктен соғады. Ауа-райы түнде 5-7 градус төмен болады. Кей аймақтарда бұрқасын байқалады",- дейді РМК «Қазгидромет» инженер-синоптигі Саида Бердібекова