"30 тамыз - 1 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел, шаңды дауыл, 43 градус қатты ыстық сақталады. 30 тамызда Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.
Сондай-ақ, ертең, 30 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Ақмола облысының тұрғындарына да ауа температурасы жоғарылайтыны жайлы хабарлама келген.