Алдағы күндері қар жауып, өткінші суық болады

Жақын арадағы екі тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа-райын бұрыңғысынша атмосфералық фронттар анықтайтын болады.


Әдеттегідей, онымен тұңжыраңқы, жауын-шашынды  ауа-райы: қармен, көріну қашықтығы 1 шақырымнан кем боранмен, 15-20м/с қарқынды желмен, оңтүстік облыстарда көктайғақ пен көріну қашықтығы 500 м кем тұманмен байланысты болады.  Бірақ фронттардың орнына,  Поволжьеде қалыптасқан және  республиканың батыс аумағына жайылып жатқан, антициклон келеді. Осы  антициклонмен  14 қаңтарға қарай жауын-шашын тоқтап, температураның  қысқа мерзімді төмендеуі күтіледі.