Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?


Синоптиктердің хабарлауынша, сәуір айның басында еліміздің әр аумағында ауа райы әртүрлі болады.

"Бастапқыда Қазақстанның шығыс жартысында антициклонға байланысты ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Батыс аймақтарға солтүстіктен және оңтүстіктен екі циклон әсер ете бастайды, олар кейінірек біріктіріліп, елдің басым бөлігінде ауа-райын анықтайды. Нәтижесінде оңтүстікте және оңтүстік-шығыста негізінен жаңбыр түрінде, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Елдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста - найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста - шаңды дауыл күтіледі", - дейді синоптиктер.