Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон жырасы әсер етеді.
"Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасының оң көрсеткіштерге дейін көтерілуі күтіледі. Республиканың басым бөлігінде жаяу бұрқасынмен қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 8 қаңтарда синоптиктер Қазақстанның көптеген аймағында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжаған еді. Бірнеше облыста ескерту жарияланды.