Мамандардың айтуынша, 30 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарында жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.
"Кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауаның температурасы күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі", - делінген хабарламада.
Ал 31 мамырда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15-20 жылыға дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Астана қаласы: 30 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Күндіз қатты жаңбыр.