Алдағы мәслихат сайлауларында 3322 депутат сайланады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы 2003-жылдың 20-қыркүйегіне белгіленген. Сайлаудан үміткерлердің атын ұсыну 27-маусымнан басталды.

ҚР Ата заңына сәйкес мәслихат депутаттары 4 жыл мерзіммен сайланады. Бұған дейінгі мәслихат сайлауы 1999-жылдың 10-қазанында өткен.