Алдағы мәслихат сайлауларының қорытындысы саяси одақтар мен партиялар үшін шешуші болмағанмен саяси нәтижесі шешуші болып табылады- Саяси ғылымдар Қауымдастығы

Оның пікірінше, жергілікті өкілетті органдарға депутат сайлау қорытындысы үміткердің ұстанған идеясының құндылығынан немесе саяси позициясының салмағынан гөрі оның билікпен әмпей-жәмпейлік дәрежесіне байланысты болмақ. Бұл бір жағынан өз кандидаттарының тасын өрге домалатуға мүдделі саяси партиялар мен одақтардың сайлау алдындағы науқанға саясатттанушыларды жұмылдырмайтындығын дәлелдесе керек.

Саясаттанушылардың пайымдауынша, сайлауда "Отан", Азаматтық және Аграрлық тәрізді үкіметтің шашбауын көтеруші негізгі партиялардың өкілдері жеңіске жетеді. Соған қарамастан осындай ауқымды шараларға басқа партиялар да бар күш-қорларын жұмсауы тиіс. Әйтпеген күнде сайлаудан бас тарту олар үшін "саяси өліммен" тең.