"Президент сайлауында "Сайлау" электронды дауыс беру жүйесі сайлау учаскелерінің 17-20 процентінде пайдалануды көздеп отырмыз",- деді О.Жұмабеков. Дегенмен ол : "Орталық сайлау комиссиясы сайлаушыларға электронды және қағаз бюллетеньдермен дауыс беру мүмкіндіктерінің қайсыбірін қалауынша пайдалануға мұрсат бермекші",- деп мәлімдеді.
Электронды дауыс беру жүйесі қолданылатын сайлау учаскелерінің санына қатысты мәселені Орталық сайлау комиссиясы жеке кеңесте қарайды, деді комиссия төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті