"Қазіргі жағдаймен шетелдерде 35 сайлау учаскесі құрылды, олар жабдықталды, тиісті техникалық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау көрсетілді. Демек, бұл учаскелерде дауыс беру ұйымдастырылады", - деді Қ. Тұрғанқұлов.
ОСК басшысының айтуынша, сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының елшіліктерінде құрылған. Сонымен бірге, "біз 35-ші учаскені Біріккен Араб Әмірліктерінде құрдық", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті