Алдағы тәуліктерде Алматы маңында қуаты 2-4 балл болатын жер сілкінісі болу мүмкіндігі бар - "Прогноз" Ғылыми-өндірістік кешені

Ғылыми-өндірістік кешеннің мәліметтеріне сәйкес, бұл дүмпулер айтарлықтай қауіп төндірмейді.

Ал ҚР білім және ғылым министрлігінің сейсмология институтының болжам комиссиясының қорытындысына сәйкес, 27-сәуір мен 3-мамыр аралығында Алматы полигоны (солтүстік ендіктің 42 градус 30 минуты мен шығыс бойлықтың 75-80 градусы) аумағындағы ошақта магнитудасы 5,5 балдан жоғары жер сілкінісі болмайды.