Ал, солтүстік өңірлерде күн ашық. Республикамыздың батысында ауаның температурасы түнде 5 градус нөлден төмен, ал күндіз 18 градус жылылықты көрсетеді. Шығыста суық сақталып, түнде 25 градусқа дейін аяз сезілдеді. Синоптиктер алдағы аптадан бастап, Қазақстанның барлық өңірінде күн жылынады деп отыр.
Маржан Ғаббасова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
- Ертең Астана қаласы бойынша жауын-шашынсыз, алдағы күндері жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы 18-20-дан 15-17 градусқа дейін күндіз 7-9 градустан 2-4 градусқа дейін көтеріледі. Алматы қаласы бойынша ертең қар жауады. Тұман түседі, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 1-3 градус аяз болады. 12-13 наурызда кей уақытта жауын-шашын жауады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады.