Алдағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда көшкін түсу қаупі бар - Қазгидромет

Жылымық орнауына орай жаңбыр жауу мүмкіндігіне байланысты 16-ақпан күні түстен кейін және 17-ақпанда қар көшкіні түсу ықтималдығы зор,- делінген хабарламада.

Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары мен "Қазақ селден қорғау" қызметіне адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.
Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.