"Елбасының тапсырмасына сәйкес, ауылдарымыз алдағы уақытта индустриялық сипатқа көшуі тиіс",- деді Д.Ахметов. Осыған байланысты ауылдарда "қосалқы құны жоғары өнімдер өндіретін" өңдеу өнеркәсіптерінің желісін дамыту көзделіп отыр.
"Қазақстанда астық өнімдерінің жоғары экспорттық потенциалы бар",- деді Д.Ахметов. Алайда, еліміз астықты "таза тауар түрінде" экспорттауға тиіс емес. "Біз қосалқы құны жоғары астық крахмалы тәрізді өнімдерді экспорттауға тиіспіз",- деді ол.
Премьер-министрдің айтуынша, "бүгінде Қазақстан даму банкі агроөнеркәсіптік секторда астықты терең өңдеуге бағытталған төрт жобаны, атап айтсақ, Алматыда соя өңдейтін, ал Солтүстік Қазақстанда - бидай өңдейтін зауыттар құрылысын қаржыландырады". Д.Ахметовтың айтуынша, 2003-жылы Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығы саласына 59 млрд. теңге қаржы құйса, 2004-жылы бұл мақсатқа 70 млрд. теңге бөлінді. "Егер парламент үкіметтің ұсынысымен келіссе, онда 2005-жылы бұл салаға тағы 70 млрд. теңге бөлінеді",- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметовтың хабарлауынша, республика үкіметі таяу уақыттарда мақта өңдеу өнеркәсібін дамыту бағдарламасының жобасын жасап бітіреді. "Бұл Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілетін мақта шикізатының басым бөлігін өңдеуге мүмкіндік береді",- деді ол. "Біз алдағы уақытта Қазақстанда өсірілген мақтаның экспорты көлемін 30 процентке азайту мақсатын қойып отырмыз. Онда да өнімді өзімізде, Оңтүстік Қазақстан облысында өңдеу арқылы тек жіп қана өндіріп қоймай, бәсекелестік қабілеті бар өнім шығару ойда бар",- деді Д.Ахметов.