Алдағы уақытта ақша айырбастау орындарында алтын құймалар сатылады

Бұл туралы Tengrinews.kz  "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақша айырбастау ассоциациясы өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта құймалар тек екінші деңгейлі банктерде шығарылып жатыр. Бірақ, айтуларынша ақша айырбастау орындарында алтын бағасы одан арзанырақ болады. Сондай-ақ, ақша айырбастау орындарының өкілдерінен және сатып алушылардан операциялар үшін ешқандай салық пен комиссия ұсталмайтыны айтылады.

Айта кетейік, қазір салмағы 10, 20, 50 және 100 грамм құймалардың грамм үшін бағасы - 15 000 теңге.