Алдағы уақытта Қазақстан мен Шри-Ланка арасында аптасына үш әуе рейсі ашылмақ

Қазақстан Азаматтық авиация комитеті мен Шри-Ланка авиация әкімшілігі екі ел арасында тұрақты әуе рейстерін ашуға құқықтық негіз береді үкіметаралық келісімді мақұлдады.


           Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бастапқыда Қазақстанның Алматы және Астана қалалары мен Шри-Ланканың Коломбо және Маттала қалалары арасында аптасына үш әуе рейсі қатынамақ.
           Тараптардың келісім бойынша, Қазақстан жағынан бұл рейстерді SCAT және Air Astana компаниялары, Шри-Ланкадан – SriLankan Airlines және Mihin Lanka Ltd компаниялары атқарады.