Caravan Logo

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді

Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде үсік жүретінін ескертуде, деп хабарлайды Baq.kz.

Синоптиктер 24-25 мамырда Ақтөбе, 25-26 мамырда Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, 26-27 мамырда Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін екенін болжады.

Астана қаласында да түнде 24,25, 26 мамырда топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.