Алдағы үш күнде еліміздің кейбір аймағында көктайғақ пен тұман болады

«Циклондар Қазақстан аумағы бойынша бірінен соң бірі, лек-легімен ағып өтеді. Еліміздің аймақтарындағы  23-31º ыстық күндері - жауын-шашын, қар аралас жаңбыр, күшті жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде көктайғақ, тұман және түнгі температура 1...10º, күндізгі   2...10º жылылыққа төмендеуімен ауысады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста да жаңбырлы, бұлтты күндер күтілуде»,- делінген хабарламада.


Атап айтқанда, 3 сәуірде Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында көктайғақ болуы мүмкін.

Сонымен қатар, 4-5 сәуірде түнгі мерзімде таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр болуы ықтимал. Түнгі температура 1...7º жылылықты көрсетіп, кей аудандарда  3º суық, күндіз 8-13, кейбір жерлерде 18º жылы болады.