Алдағы үш күнде оңтүстікте 42 градус аптап сақталады, солтүстікте жауын жауады

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Соның әсерінен жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады.

18-19 шілдеде - батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде - солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.


Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

Осыған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады.