Алдағы үш күнде Қазақстанда нөсер жауады деп күтілуде

Қазақстанның аспанында басталған атмосфералық процестер жалғасуда. Бұл ауа-райына байланысты өзгерістердің айқын белгілері республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында байқалады, өте ыстық ауа массалары оңтүстіктен, ал Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын және ылғылды ауа массалары "кездеседі".

Бұндай "кездесу" жаңбырлы-қою бұлттардың өрбуін шақырып, жаңбыр, кей жерледе тіпті нөсер әкеледі, әсіресе таулы және тау етегіндегі аудандарда, бұршақ болуы және көптен күткен қоңырсалқын әкеледі.

Еліміздің басқа аумақтарында, батыс өңірін қоспағанда, атмосфералық суық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағайлы, өткінші жаңбыр жауып температураның аздап төмендеуі күтіледі. Қазақстанның батыс облыстарынатропикалық ауа келе бастайды. Алдағы үш күн бұл жерлерде өте ыстық және өте құрғақ, температураның шырқау шегі 33-41ºС жетеді.