Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн күркірейді


«Нағыз көктемгі күн райы тек оңтүстік облыстарда ғана емес, Қазақстанның барлық аумағында байқалып отыр. Түнгі температуралардың өзі жылы, ал оңтүстікте тіпті +5, +10 градусты көрсетіп отыр. Қазақстан аумағы бойынша ауысып отырған оңтүстік циклонмен бірге алдағы үш тәулікте көптеген облыстарда жаңбыр күтіліп, желдің 13-20 м/с жылдамдықпен соғуы, кей жерлерде күн күркіреуі күтіліп отыр. Бірақ бұл циклонның Иран аудандарынан әкелген жылы жауын-шашыны бар, климаттық нормадан жоғары температураны әлі де сақтап қалады», делінген хабарламада.