Алдағы үш күннің ауа райы мәлім болды

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарының ауа-райы Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттармен жауын-шашын, басым түрде жаңбыр түрінде, түнгі және таңертеңгі уақыттарда жаңбырдың соңы сулы қарға айналуы мүмкін деп күтілуде, сондай-ақ тұман болжанады.

Ауа температурасы климаттық мәндерден 3-5ºС-қа жоғары болады. 30 наурызда Республиканың батысында, температура осы кезеңдерге сәйкес қалыпты нормадан 2-4ºС төмен болады деп күтілуде.