Алдағы үш тәулікте елімізде күн ыстық болады

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым өңірлерінде атмосфералық қысым жоғары болып, жауын-шашын болмайды. 13 мамырда солтүстік өңірлерде, ал 13-15 мамырда республиканың шығысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м дейін жетеді», - делінген хабарламада.

«Қазгидромет» атап өткендей, Қазақстанның батысында күн ыстық болады. Ауа температурасы мұнда 30-38º, солтүстікте, орталық пен оңтүстік-шығыста 22-32º С дейін ыстық, ал оңтүстікте ауа температурасы 27-35º нөлден жоғары болады.


Республиканың шығыс аймағында ғана жаңбырдың жаууына байланысты ауа температурасы сәл төмен, 15-25º болады.