Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады

Бұл туралы 24.kz Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды. 

Алайда кей өңірлерде тұман түсуі ықтимал. Ал ауа температурасының жоғарылауына тропосфералық ағымдардың солтүстіктен батысқа бағыт алуы ықпал етеді. Алматыда алдағы үш тәулікте жауын-шашын болмайды. Қазақстанның шығыс өңірлерінде ғана 30-35 градус арасында аяз болуы ықтимал.

Айгүл Алдабергенова, «Қазгидромет» РМК-ның жетекші инженер-синоптигі: 


- Алдағы үш күнде Астана қаласында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауаның температурасы 18 қаңтарда түнде 22-24 градус аяз. Күндіз 13-15 градус аяз. 19-20 қаңтарда түнде 22-24 градус аяз. Түнде 14-16 градус аязды көрсетеді.